Қамқалы округінде медпункт те ашылды, ауыз су мәселесі де шешілді

 


Сарысу ауданындағы Қамқалы ауылдық округіне қарасты Шығанақ ауылында аудан әкімі Балабек Нарбаев және Қамқалы ауылдық округ әкімі Алпысбай Исабаев өткен жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы өз есептерін берді,-деп хабарлайды  Zau.kz ақпарат агенттігі аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Есептік жиынға аудандық мәслихат хатшысы Сағымбек Бегеев, аудандық құқық қорғау органдары, аудан әкімдігінің бөлімдері мен мекеме басшылары, ауыл тұрғындары қатысты.

Есептік жиында Қамқалы ауылдық округ әкімі Алпысбай Исабаев өткен жыл ішінде ауылдық округте атқарылған жұмыстарға жан-жақты тоқталып өтті. Одан кейін, аудан әкімі Балабек Нарбаев өз баяндамасында аудан көлемінде жыл ішінде атқарылған жұмыстарымен қатар, алдағы уақытта жүзеге асар ауқымды істерді де тілге тиек етті.

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» және «Ұлы Даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларына, биылғы жылдың 5 қазанында Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауынан туындаған міндеттерге тоқталды:

-Үстіміздегі жылдың Елбасының Қазақстан халқына арнаған биылғы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты дәстүрлі Жолдауы — аса маңызды әрі жауапты тарихи мәні бар құжат.

Бүгінгі Жолдауда да айтылған мәселелер мен есептер қуантарлық. Жолдау қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуіне, табысы мен тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған.

Елбасымыздың осы Жолдауындағы айқындаған мақсаттарының жүзеге асуына біз де атсалысып, жұмыла жұмыс жасауымыз қажет. Жылдан-жылға медицинада да, білім саласында да үлкен өзгерістер болып жатыр. Сонымен қатар «Қазақстан – 2050» стратегиясын басшылыққа ала отырып, дамыған 30 елдің қатарына енуіміздің қажеттілігі жөнінде айта отырып, алдымызға межелі тапсырмалар мен міндеттерді қойып отыр.

Жолдауда айтылған «Нұрлы Жер» Бағдарламасының іске асуы, адами капитал сапасын жақсартуы, білім беру, денсаулық сақтау жүйелерінің өзгеруі бойынша жұмыстардың одан әрі 2025 жылға дейін ұзартылғаны қуантады.

Елбасы айтпақшы «алдымызда қандай қиындықтар кездессе де, оларды еңсере алатынымызға» барлығымыз сенімді болуымыз қажет.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы еліміздің өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси оқиға болып табылады. Бағдарламалық құжаттың басты мақсаты инфрақұрылым мен технологиялық басымдықтарды дамытуға бағытталған. Сондай-ақ, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ауданымызда ауқымды игі істер де атқарылуда. Сіздердің қолдауларыңыз бен азаматтық жауапкершіліктеріңіздің арқасында Елбасы қойған тапсырмаларын тиімді және сапалы орындайтынымызға сенім білдіремін, — деді.

Есептік жиында жарыссөзге шыққан Қамқалы ауылының тұрғыны М.Абуов, – Ауылда медпункт ашылып, ауыз су мәселесі шешімін тапты. Бұл игілікті істер үшін аудан басшысына тұрғындар атынан алғысымыз шексіз. Ал, берілген есептерді қанағаттанарлық деген бағамды беремін,-деді.

Сондай-ақ, Шығанақ ауылының тұрғыны, зейнеткер А.Баушенов: — Ауылымыздағы көп жылдардан бері құжатсыз жүрген жалғыз кабардин бар еді, соны құжаттандырып, зейнетке шығару жұмыстары жөнінде үлкен іс тындырғаны үшін ауылдық округ әкімі Алпыс Исабаевқа ауыл тұрғындары атынан үлкен рахметімізді айтамын. Атқарған жұмыстарын қанағаттанарлық деп есептейтінін айтты.

Ал, Қамқалы ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Жолдыбай Әбуов:

-Ауылға кітапхана қажеттілігі жайлы және Жайлаукөл елдімекеніндегі ауыз судың әр шаңыраққа жеткізіліп беруі туралы маңызды мәселелер көтерді.

Бұл мәселе бойынша ауыл әкімі нақты жауап беріп, ауылдан кітапхана ашылу жөніндегі мәселе аудан басшысы Балабек Жанбекұлының тікелей атсалысуымен шешімін тапқанын жеткізді.

Есепті жиынды қорытындылаған аудан әкімі Б.Нарбаев айтылған ұсыныс-пікірлерге жауап беріп, алдағы күнде шешілетін жолдарын қарастыратынын айтып өтіп, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2018-2021жылдарға арналған бағдарламасының» бағыттары және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» туралы да тілге тиек етті.

 

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *