Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Хантавирусқа байланысты қателік: Нидерландыда 12 дәрігер карантинге жабылды

0 47

Нидерландыдағы Radboudumc медициналық орталығының 12 қызметкері хантавирус жұқтырған науқаспен жұмыс істеу кезінде жіберілген қателіктен кейін карантинге оқшауланды.

ҚАН ТАЛДАУЫ ДҰРЫС ӨҢДЕЛМЕГЕН

RTL Nederland хабарлауынша, хантавирус жұқтырған науқас 7 мамырда Неймеген қаласына жеткізілген. Ол бұған дейін вирус ошағы тіркелген голландиялық MV Hondius круиз кемесінде болған. Ауруханаға түскен кезде одан қан талдауы алынған, алайда зертхана қызметкерлері оны кәдімгі тәртіппен өңдеген. Кейін аурухана басшылығы мұндай вируспен жұмыс істеуде қауіпсіздік шаралары әлдеқайда қатаң болуы тиіс екенін мәлімдеді.

9 мамырда науқастың зәрін жою барысында да жаңартылған халықаралық талаптардың сақталмағаны анықталған. Осыдан кейін 12 қызметкер алты аптаға профилактикалық карантинге жіберілді. Дәрігерлердің айтуынша, вирус жұқтыру қаупі төмен.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.