Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Ербол Қарашөкеев қоғамдық көлікпен жүріп, тұрғындардың талап-тілегін тыңдады

0 26
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте өңір тұрғындарын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тарту мәселесі қарастырылды.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ облыстық филиалының директоры Ғайни Аймағанбетова баяндама жасады.
2017 жылдың шілдесінен 2025 жылдың 31 мамырына дейін Жамбыл облысында МӘМС жүйесіне 118,2 млрд теңгеден астам жарна мен аударым түсті. Тек 2025 жылдың алғашқы 5 айының өзінде бұл көрсеткіш 12,5 млрд теңгені құрады.
МӘМС жүйесі енгізілгелі бері өңір тұрғындарына 208,7 млрд теңгенің медициналық қызметі көрсетілген. Биыл облыс халқын медициналық көмекпен қамтуға 127,7 млрд теңге бөлінсе, соның 62,9 млрд теңгесі МӘМС қоры есебінен қарастырылған.
2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында сақтандырылмаған тұрғындар саны 6 251 адамға азайды. Яғни, жыл басында 231 921 адам болса, 1 шілдедегі мәлімет бойынша бұл көрсеткіш 225 670 адамға дейін төмендеген.
Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбектің айтуынша, Жамбыл облысы сақтандырылмаған тұрғындар саны ең көп азайған үш өңірдің қатарынан көрініп отыр.
Дегенмен, Ербол Қарашөкеев Меркі, Шу, Қордай аудандарында сақтандырылмаған азаматтардың үлесі жоғары екенін алға тартып, бұл көрсеткіштердің әлі де жеткіліксіз екенін айтты. Сондай-ақ әрбір елді мекенді қамти отырып, халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді міндеттеді.
– Халыққа сапалы медициналық қызмет көрсету – аса маңызды. Осы орайда сақтандырылмаған азаматтар санын азайтуға ерекше назар аудару қажет. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры департаменттермен, басқармалармен және аудан әкімдіктерімен бірлесе түсіндіру жұмыстарын күшейтуі тиіс. Ал жергілікті әкімдіктер мемлекеттік кірістер департаментімен бірігіп, жарна төлемеген жеке кәсіпкерлерді анықтап, қажетті шаралар қабылдауы керек, – деді облыс әкімі.
Басқосуда сібір жарасы мен Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына қарсы жүргізіліп жатқан іс-шаралар барысы сараланды.
Аппараттық кеңес қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға жұмыстың тиімділігін арттыру тапсырылды.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.