Таңдаулы жаңалықтар:

ДЕМЕУШІ ЕСЕБІНЕН 10 «SMART АЯЛДАМА» ОРНАТЫЛАДЫ

Тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында Әл-Фараби ауданында жолаушылар хабы саналатын 10 нүктеге жаңа аялдамалар салынбақ.

Жаңа үлгідегі аялдамалар демеушілер тарапынан пайдалануға беріледі.

Осыған орай Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев инвесторлармен кездесіп, құрылыс жоспарын пысықтады. Басты мақсат қала тұрғындары мен қонақтарына мейлінше жайлы жағдай жасау.

«Ақылды» қала атанудың алғышарты – қауіпсіздік. Сондықтан қоғамдық орындарды жіті қадағалау мақсатында аялдамаларға бейнебақылау камералары орнатылады.
Сондай-ақ жолаушылардың ең басты қажеттіліктері саналатын кондиционер мен wifi, телефон қуаттағыш құрылғысы,маршруттардың бағытын көрсететін жол картасы да қойылады.

Жаңа үлгідегі аялдамалар алдағы аида халық игілігіне беріледі деп жоспарлануда.