Таңдаулы жаңалықтар:

«DALA KILEMDERI» КӨРМЕ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТУДЕ - Zau.kz

Шымкент қаласында «Dala kilemderi» көрме жәрмеңкесі 2016 жылдан бастап өткізіліп келеді. Биыл да «Bal Tekstil» компаниясының ұйымдастыруымен 16 — 25 қазан аралығында «Көрме» орталығында өтуде.

Жәрмеңке отандық кілем сапасы шетелдік өнімдерден кем түспейтіндігін дәлелдеп, халық арасында танымалдығын арттыруды мақсат еткен. Отандық өнімдермен қатар, Бельгия, Түркия, Иран, Ресей, Өзбекстан және Молдова елдерінің өнімдері де ұсынылуда.

Bal Tekstil 2011 жылдың аяғында «Оңтүстік» АЭА тіркеліп, 2013 жылдың қазан айында өз өнімін шығара бастады. Қазіргі таңда жылына 5 млн шаршы метр кілем және кілем өнімдері мен 4 000 тонна полипропиленді жіп өнімдерін өндіруге қауқарлы. 300-ге жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

Компания 2000-ға жуық кілем дизайнын жасап, халықаралық сапа конкурстарынан жүлделі орындар иеленді. Фабрика өнімдері Қазақстанның бүкіл облыстарының қала, аудан орталықтарында халыққа қолжетімді бағамен сатылуда.

Қала тұрғындары мен қонақтарын отандық өнімдер көрмесіне шақырамыз.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *