Таңдаулы жаңалықтар:

БИЫЛ АЛТЫНТӨБЕ ТҰРҒЫН АЛАБЫ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ - Zau.kz

Абай ауданында 34 елдімекеннің 23-і (73,5%) табиғи газ жүйесімен қамтылса, қалған 11 елді мекен қатты отынды пайдалануда.
7 елдімекенді (Алтынтөбе, Батыс, Арғымақ, Ақтас, Ақтас-2, Ақжар, Көкбұлақ) табиғи газбен қамту үшін құрылыс жұмыстары басталды. Алтынтөбе тұрғын алабындағы құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін толығымен аяқталады.
Тәуелсіздікке-20 жыл, Айкөл, Құрсай, Ынтымақ-2, Нұршуақ шағын ауданына қатысты ЖСҚ әзірленуде.
Көкбұлақ, Ақтас, Ақтас-2, Ақжар тұрғын алаптарының халқы алдағы жылы табиғи газбен қамтылатын болады.
Нәтижесінде жыл соңында ауданды табиғи газбен қамту көрсеткіші 30 пайызды құрайтын болады.