Биыл әлеуметтік көмектер мен оңалту құралдары порталмен беріледі

Биыл барлық әлеуметтік көмектер мен техникалық оңалту құралдары Портал арқылы берілетін болады. Бұл туралы бүгін ӨКҚ ақпарат алаңында Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысы Жорабек Баубеков айтты.

«2021 жылдың басынан барлық әлеуметтік көмектер мен техникалық оңалту құралдары Портал арқылы қамтамасыз етіледі. Биыл АӘК-пен 95 430 адамды қамтылады деп күтілуде. Оларға барлығы 9952,4 млн. теңге қаржы қаралып отыр. Ал, АӘК алатын отбасылардағы 1-ден 6 жасқа дейінгі 26 720 бала кепілденген әлеуметтік пакетпен қамтамасыз етілетін болады. Бұған жалпы 3087,7 млн.теңге қарастырылды.» — деді, спикер өз сөзінде.

Айта кетейік, бүгінде облыс бойынша АӘК алушы 9541 отбасы бар. Олардың барлығы ЭЦҚ-алған. АӘК алушылар арасында шиеленістің алдын алу үшін, әлеуметтік қызмет Порталына тапсырыс беру жұмыстары тұрақты бақылауға алынған.

Бұдан бөлек Ж.Нұрмергенұлы былтыр өңірде мүмкіндігі шектеулі жандарға қандай жағдайларға жасалғанына тоқталып өтті. Айтуынша оларды оңалту мақсатында республикалық және облыстық бюджеттен 805,8 млн. теңге қаржы бөлінген. Оған әлеуметтік оңалту құралдарына мұқтаж 10 367 мүгедек қажетті құралдармен қамтамасыз етіліпті.

Басқарма басшысы былтыр жұмыс бойынша жақсы нәтиже көрсеттік деп отыр. Мәселен мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жеке оңалту бағдарламаларының орындалуы 87 % құрап, республикада 3-ші орынға ие болған. Басқарма бұл жетістікті биыл да қайталауға ниетті. Айта кету керек, бүгінде облыс бойынша 45 787 мүгедек бар.


Бізбен байланыс

«ZAU.KZ» ақпарат агенттігі

Мекен-жайымыз: Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Телефон: 8 771 399 43 63

Электронды пошта: zau.kz18@mail.ru