Берік Уәлиұлы Құрманғали

Берік Уәлиұлы Құрманғали 1977 жылы туған, білімі жоғары, 1997 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын «кинотанушы», 2005 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін «журналистика»,  2014 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.

1997-2012 жылдар аралығында «Хабар» Агенттігі» АҚ-ның, «ТАҢ» телекомпаниясының, «НТК» телеарнасының, «31 канал» ЖШС-нің  журналисті, ақпараттық бағдарламаларының редакторы, «Нұр Медиа» ЖШС-нің  жемқорлыққа қарсы медиа орталығының жетекшісі, 2012-2015 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары – баспасөз қызметінің басшысы, ішкі саясат және дін істері   басқармасының басшысы, 2015-2016 жылдары «Нұр Отан» партиясы төрағасы Бірінші орынбасарының кеңесшісі, 2016-2018 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі, Ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің директоры қызметтерін атқарған.

Жамбыл облысы әкімінің 2018 жылғы 21 маусымдағы №98-Ж/Қ  өкімімен Берік Уәлиұлы Құрманғали Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *