Таңдаулы жаңалықтар:

Байзақта бас партияның қолдауымен жаңа емхана салынады

«Nur Otan» партиясынан Жамбыл облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Фарида Джунисова, Ләмзар Тулебаев, Қайсар Жасұзақов пен олардың сенімді өкілдері  Байзақ ауданының Түймекент ауылдық округіндегі Ақжар елді мекенінде тұрғындарға «Nur Otan»  партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

– Партияның 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасында сай 2022 жылы 7 жаңа су қоймасының құрылысы есебінен 34,5 мың гектар суармалы жерді қалпына келтіру жоспарланған. Өңірде 38 дәрігер шет елдердің жетекші медициналық клиникаларында кәсіптік құзыреттілікті арттыру және әлемдік тәжірибелерді енгізу үшін оқытылады және 4  жаңа денсаулық сақтау нысанының құрылысы жүргізіледі.  Оның ішінде аудан тұрғындары тарапынан көптен көтеріліп келе жатқан  Байзақ аудандық емханасының құрылысы да бар. Жаңа емхана 2023 жылы пайдалануға берілмек, – деп атап өтті кандидаттар.

Сондай-ақ ауылдық елді мекендердегі оқу орындарының маңындағы көшелер жарықтандырылып, ауданда 1 өрт сөндіру бекеті құрылып өз жұмысын бастайды. Өңір тұрғындарының мәселелерін ашық талқылау және шешу үшін алаң ұйымдастырылады.

Бұдан кейін ауыл тұрғыны, ақын Ертай Тазабеков те партия арқылы жасалып жатқан істерге куә болып отырғанын, алдағы кезеңде партия әрдайым елдің сенімін ақтау мақсатында кешенді жұмыстар атқаратынына сенім білдірді.

Кездесу барысында кандидаттар аралаған отбасы мүшелерінің партияға деген оң көзқарастары байқалды. Әрбір істің басында «Nur Otan» партиясы тұратынын тілге тиек еткен ақжарлықтар сайлауға бір кісідей қатысуға ниетті.

«Nur Otan» партиясы Жамбыл облысының сайлау қорының қаражатынан төленді.