Ауылдық мектеп директорлары да «Open space» форматына көшуде

28/12/20201min1190

Ағымдағы жылдың 28 желтоқсан күні Байзақ ауданы, Ақшолақ орта мектебінің директоры Н.Сейдахметов үлкен кабинетін босатып, «Open space» яғни ашық кеңістік форматындағы кабинетке көшті. Бұл өз кезегінде ата-аналар мен мектепке келуші ауыл тұрғындары үшін қолайлы әрі қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруды тапсырған болатын. Осыған байланысты, Департамент мемлекеттік мекемелермен бірлесіп, «Open Space» форматына көшіру және басшылар кабинеттерін әкімшілік ғимараттардың бірінші қабаттарына ауыстыру бойынша жұмыс жүргізуде.


Еске сала кетсек қазіргі таңда Жамбыл облысында 50 басшының кабиенеті «Open space» форматына ауысты. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта жалғасады.