Таңдаулы жаңалықтар:

АУРУХАНАЛАРДА КІТАП БҰРЫШЫ АШЫЛДЫ

Шымкент қаласы әкімдігі Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы игі бастаманы қолға алды. Қалалық денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп бірнеше емхана мен ауруханада шағын кітап сөрелері орналастырылуда.
Аталған жобаға қаладағы төрт кітапхана қатысып, өздеріндегі түрлі жанрдағы әдебиеттерді қойып жатыр. Мәселен, Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы 3-ші емханадан арнайы кітап бұрышын ашты.

Мақсат-тұрғындарды кітап оқуға қызықтыру, тарту. Кітапханаларды, олардың көрсететін қызметтерін таныту. Бұл жоба арқылы алдағы уақытта барлық денсаулық нысандарын қамту көзделіп отыр.