Аудан әкімі Мырзахметовке айрықша сыйлық ұсынды

 

Әрбір адам баласының  өзінің жылына бір келетін туған күнінде тосын сый күтетіні жасырын емес. Сонымен қатар кәсіби мерекелер мен айтулы даталарда айтылған ақ тілектер де кәдімгідей марқайтып тастайды.

1 қазан-Халықаралық қарттар күніне орай Жамбыл облысындағы Т.Рысқұлов ауданының әкімі Асқар Қырықбаев Ұлы Отан соғысының ардагері Жақан Мырзахметовтің үйіне арнайы барып, сый-сияпатын тапсырды. Аудан басшысы майдангерге зор денсаулық, бақ-береке тіледі. Өз кезегінде ардагер де көрсеткен құрметі мен ілтипаты үшін Асқар Қырықбаевқа алғысын жеткізді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *


Бізбен байланыс

«ZAU.KZ» ақпарат агенттігі

Мекен-жайымыз: Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Телефон: 8 771 399 43 63

Электронды пошта: zau.kz18@mail.ru