Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Арман Дүйсенов қайтыс болды

Әнші Индира Елемес белгілі композитор, продюсер Арман Дүйсеновтың өмірден өткенін мәлімдеді

0 171

Бұл туралы әнші қалың жұртқа Instagram-дағы парақшасында естіртті. Zakon.kz Индира Елеместің администраторына хабарласып, ақпаратты растады.

«Арман ағау! Неге олай? Иманы саламат болсын, мекені жәннәт болсын», – деп жазды әнші.

Қаралы хабарды продюсер Ерғали Әбдірайымов та жариялады.

«Арман бауырымнан айырылып қалдық ағайын. Айсұлу, айналайын және ұрпағына Алла көркем сабыр берсін», – деп жазды ол.

Арман Дүйсенов – белгілі композитор, музыкант, әнші, продюсер, тележүргізуші, талай қазақша хиттердің авторы. Ол 1974 жылы Орал қаласында дүниеге келген.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.