Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Алтынмен пара-пар Елтаңба: алматылық сот 1,1 млн теңгеге пластик рәміз сатып алған

0 22

2025 жылдың желтоқсанында Алматының Сот әкімшілігі департаменті диаметрі 1,5 метр болатын пластик мемлекеттік елтаңбаны 1 150 000 теңгеге сатып алған. Қаражат бюджеттен бөлінген.

Не сатып алынған?

Мемлекеттік сатып алу порталындағы келісімшартқа сәйкес, барлығы ресми түрде рәсімделген: пластик мемлекеттік рәміз, 1 дана, СТ РК 989-2014 стандартына сай, түсі – алтын, жеткізу мекенжайы – Медеу ауданы, Гоголь көшесі, 47. Жеткізуші – ЖК Маметиязова. Сатып алу «өтпей қалған сатып алулар бойынша бір көзден алу» тәсілімен жүргізілген.

Құжаттарда гауһар тас та, сусал алтын да, әшекейлі қаптама да көрсетілмеген – кәдімгі пластик. Алайда бағасына қарағанда, бұл пластиктің өзгешелігі бардай әсер қалдырады.

Техникалық сипаттамада Елтаңбаның дөңгелек пішінде екені, шаңырақ, уықтар, қанатты тұлпарлар және QAZAQSTAN жазуы бар екені нақты көрсетілген. Барлығы талапқа сай. Көзге бірден түсетіні – тек бағасы.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.