Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

«Адамгершіліктің ақ жолы» даналық сағаты өтті

0 198

Ш.Уалиханов атындағы Жамбыл облыстық  әмбебап ғылыми кітапханасы  «Бір өңір – бір кітап» облыстық акциясы аясында Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, жазушы, драматург, публицист Елен Әлімжанның шығармашылығына арналған «Адамгершіліктің ақ жолы» даналық сағаты өтті.
Іс-шараға еліміздің руханиятын дамытуға сүбелі үлес қосып келе жатқан жазушы, драматург, публицист Елен Әлімжан, медицина ғылымдарының докторы, профессор Сағындық Ордабеков, ҚР журналистикасының қайраткері, Қазақстанның Құрметті журналисі, «Ғұмыр-Дария» газетінің бас редакторы, Жаңабай Миллионов, облыстық билер алқасының төрағасы Оңласын Есіркепов, облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Шәріп Дәулетбаев, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Дулатитану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, профессор Сәмен Құлбарақ, ақын, сазгер Үміт Битенова қатысты.

Кеш барысында қонақтар жазушының өмірі мен еңбектерін кітапхана оқырмандары мен қатысушылар назарына ұсынып, көп жерде айтыла бермейтін деректі дәйектемелермен таныстырды. Сондай-ақ, Елен Әлімжанның тың туындылары мен өмір жолы жайлы ой-пікірлерімен бөлісіп, жазушының шығармалары жайында сөз қозғалды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.