Жолдау-2025: Мемлекет басшысы жаңа министрлік құруды тапсырды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектке арналған жаңа министрлік құруды ұсынды.
Оның міндеті – ұлттық даму мен цифрлық трансформация саясатын жүйелеу. Мемлекет басшысы алдағы үш жылда Қазақстанды цифрлық державаға айналдыруды мақсат етіп отыр.
Жаңа құрылым елдің технологиялық әлеуетін арттыруға, инновацияларды енгізуге және халықаралық бәсекеге қабілеттілікті күшейтуге бағытталмақ.