Таңдаулы жаңалықтар:

ЖАҢАТАЛАПТЫҚТАР АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛДІ | Zau.kz

Шымкент қаласы, Абай ауданына қарасты Жаңаталап елдімекенінің әрбір үйі сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді.

Қала маңынан шалғай орналасқан тұрғын алабына ауыз су берілу кезеңіне Шымкент қалалық мәслихат депутаттары, қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы және ауыл тұрғындары қатысты.

1700 тұрғын үйі бар елдімекенді таза ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізген «СМКиЖ-7» мердігер мекемесі бүгінде құрылыс жұмыстарын 100% ға аяқтап, 1000 үйге есептегіш құрылғыларын орнатып, су беру жұмыстарын жүргізуде.

Жалпы, биылғы жылы мегаполис тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 14 нысанның құрылыс жұмыстары басталған болатын. Жыл қорытындысы бойынша көрсеткіш 95,6%-дан 98%-ға өсіп, 9 елдімекенде таза ауыз су мәселесі шешімін табатын болады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *