Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Жамбылдық Асу Алмабаев UFC-де тағы да жеңіске жетті

0 7 567
Бұл спортшының UFC-дегі үшінші жеңісі

Қазақстанның спорт жанкүйерлеріне жақсы таныс, жерлесіміз Асу Алмабаев UFC турнирінде үшінші жеңісіне қол жеткізді.

Кеше жерлесіміз АҚШ-тағы UFC on ESPN 58 турнирінде америкалық файтер Хосе Джонсонмен кездесіп, төрешілердің шешімімен қарсыласынан басым түсіп, жеңіске жеткен.

Жекпе-жектен кейін Асу Алмабаев әлеуметтік желідегі парақшасына видео жариялап, оның астына «Біз биікке көтеріліп жатырмыз!», деген жазба қалдырған.
Ал спортшының жанүйерлері оны құттықтап, алдағы жекпе-жпектеріне де сәттілік тілеген.

Еске салайық, бұл қазақстандық спортшының UFC-дегі үшінші, ал MMA-дағы жиырмасыншы жеңісі болып отыр.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.