Жамбылда малын қараусыз қалдыратындар жазаланып жатыр
Былтыр Жамбылда үй жануарларымен соқтығысу салдарынан 30 жол-көлік оқиғасы орын алған. Соның салдарынан 7 адам қаза тауып, 38 адам түрлі жарақаттар алды.
Малдардың иесiз, бос жүруi түрлі қайғылы жағдайларға себеп болуда.
— Қараусыз малдар адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғаларының себепкері болып жатқанын иелері түсінуі керек. Олардың өз малдарына немқұрайлы қарауы орны толмас жағдайларға әкеп, адам тағдырына әсер етуі мүмкін. Одан бөлек, далада қараусыз қалған малды ұрылар оңай айдап әкетеді. Жыл басынан бері малдарын бақылаусыз қалдырған осындай 280 адам бізбен әкімшілік жауапкершілікке тартылды, — дейді Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Орынбасар Жалдығараев.