Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Жамбыл облысында заңсыз балық аулау дерегі анықталды

0 353

Жамбыл облысында полиция қызметкерлері балық шаруашылығы инспекциясының өкілдерімен бірлесіп, «Уылдырық» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында заңсыз балық аулау дерегін анықтады.

Ер адамның Мойынқұм ауданы маңындағы көлдердің бірінде ескекті қайықпен, жалпы салмағы 45 келіден астам балықты заңсыз аулап үлгергені белгілі болды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 335-бабының 3-бөлігі, 2-тармағына сәйкес (балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз алу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Жамбыл облысының Полиция департаменті уылдырық шашу кезеңінде балық аулау балық популяциясының азаюына әкелетінін ескертеді. Азаматтарды заңнамаларды сақтауға, флора мен фаунаға және экологияға зиян келтірмеуге шақырады.

Еске сала кетейік, ағымдағы жылғы 15 сәуір мен 31 мамыр аралығында Жамбыл облысы аумағында табиғатты қорғауға бағытталған «Уылдырық» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.