Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Жамбыл облысында 44 градусқа дейін ыстық күтіледі

0 382
Алдағы күндері Жамбыл облысында ауа температурасы 43-44 градусқа дейін жетуі мүмкін.

Синоптиктердің болжамынша, 14–19 шілде аралығында Жамбыл облысында қатты ыстық сақталады.

Ауа температурасы күндіз 37–42 градусқа дейін көтерілсе, 15–17 шілде күндері кей жерлерде аптап ыстықтың күшеюіне байланысты сынап бағаны 43–44 градусқа дейін жетуі мүмкін.

Мамандардың мәліметінше, өңірдің басым бөлігінде жоғары және төтенше өрт қаупі күтіледі. Құрғақ әрі ыстық ауа райы табиғи өрттердің шығу қаупін арттырады.

Осыған байланысты тұрғындар мен өңір қонақтарына қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау ұсынылады. Ашық от жақпау, құрғақ шөп пен қоқысты өртемеу, темекі тұқылын бейберекет тастамау және орманды-дала алқаптарында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажет.

Сондай-ақ аптап ыстық кезінде мүмкіндігінше күннің ең ыстық уақытында сыртқа шықпау, мол сұйықтық ішу, жеңіл әрі ашық түсті киім кию және балалар мен қарттардың денсаулығына ерекше көңіл бөлу маңызды.

Мамандар тұрғындарды ауа райы болжамын бақылап, төтенше жағдайлардың алдын алу үшін сақтық шараларын сақтауға шақырады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.