Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

«Тараз — қауіпсіз қала»: Жыл басынан бері 18 бала арнайы орталыққа орналастырылды

0 13

«Тараз – қауіпсіз қала» жобасы аясында шаһарда балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ әлеуметтік және психологиялық қолдау көрсету бағытында бірқатар жұмыс жүргізілуде.

Жасөспірімдерді бейімдеу орталығына (ЦАН) 2025 жылы білім бөлімінің қорытындысы негізінде 56 бала орналастырылса, 2026 жылдың басынан бері 18 бала жайғастырылды.

Арнайы білім беру ұйымына (арнайы мектепке) орналастыру бойынша кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның шешімімен 28 балаға қатысты қаулы шығарылды.

Ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларды қорғау бағытында да тиісті шаралар қабылдануда. 2025 жылы қорғаншылыққа алынған балалардың 12-сі балалар үйіне қайтарылды. Сонымен қатар 2025 жылы 7 ата-ана 10 балаға қатысты ата-аналық құқықтарынан айырылды. Ал 16 ата-анаға 34 балаға қатысты ата-аналық құқықтарын шектеу шаралары қолданылды.

2026 жылдың басынан бері 2 ата-ана 4 балаға қатысты ата-аналық құқықтарынан айырылды.

Балалардың әлеуметтік жағдайын зерделеу және қолдауды қажет ететін отбасыларды анықтау мақсатында білім беру ұйымдарында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеру актілерін толтыру, тәуекел тобындағы, әлеуметтік осал санаттағы және мектепішілік бақылауға алынған білім алушылардың тізімін қалыптастыру жұмыстары ұйымдастырылған.

Өткен оқу жылында аталған санаттар бойынша 25 832 білім алушы есепке алынып, бақылауға алынған. Қолдауды қажет ететін және әлеуметтік мәселелері бар отбасыларды анықтау мақсатында мектеп қызметкерлері бірыңғай акт үлгісі бойынша жұмыс жүргізіп, тексеру нәтижелерін фотоесеп түрінде тіркеп отырады. Жүргізілген профилактикалық және әлеуметтік қолдау жұмыстарының нәтижесінде бүгінгі таңда аталған тізімдегі білім алушылар саны 20 022-ге дейін қысқарды.

Әлеуметтік осал топтағы отбасыларға балаларды оқыту мен тәрбиелеу барысында жан-жақты көмек көрсетуге ерекше көңіл бөлінуде. Атап айтқанда, тегін тамақтандыру, әлеуметтік төлемдер алу, маусымдық киім-кешекпен қамтамасыз ету және өзге де әлеуметтік қолдау шаралары жүзеге асырылуда. Сонымен қатар мұқтаж отбасыларға тұрмыстық және азық-түлік көмектері көрсетілуде.

Осы бағытта «Жақсылық жаса» акциясы ұйымдастырылып, оның аясында бірқатар әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға көмек көрсетілді. Бүгінгі таңда бекітілген профилактикалық жоспарға сәйкес білім беру ұйымдарында «Мейірімділік айлығы» өткізілуде. Айлық аясында қайырымдылық, қамқорлық және өзара көмек көрсетуге бағытталған іс-шаралар жүзеге асырылуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.