«Жүрек лүпілінен туған жыр» тақырыбында поэзия кеші өтті

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының «Коворкинг» орталығында ақын Ш. Мамасерікованың 75 жас мерейтойына орай, автордың өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер бере отырып, шығармашылығын дәріптеу, өзіндік ерекшеліктерін анықтау, ақынның туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін жеткізу, поэзияны сүюге, түсіне білуге дағдыландыру мақсатында «Жүрек лүпілінен туған жыр» поэзия кеші өтті.


Іс шараға «Қаламгер» клубының мүшелері мен М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университеті мен Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің студенттері қатысты.
Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Жыл құстары», «Гәкку», «Назерке», «Нәзік нақыш», «Асылдың сынықтары», «Арман гүлі» атты кітаптарының авторы, ақын Шырын Мамасерікованың өмір жолы мен жетістіктері туралы мәлімет берілді.
Поэзия кешінде ақынның қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырлары мен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген шығармалары таныстырылып, «Анашым», «Бақыт», «Өлең», «Ұлы Абай», «Мерейлі Меркі» өлеңдері оқылды. Поэзия кешінің авторы туралы өр де өткір, нәзік те сыршыл сезімдерімен бөлісіп, жиналғандарға тәрбиелік мәні зор дүниелер айтылды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *