Таңдаулы жаңалықтар:

Ынтымағы ұйыған еңбек ұжымынан кәсіподақ ұйымы ашылды

«Шымкент қаласының туризм және сыртқы байланыстар басқармасының «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерімен және жұмыскерлерімен «ҚЫЗМЕТ» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының қызметкерлері Шымкент қаласындағы еңбек қатынастарының жағдайы туралы 2021 жылғы 6 айдың қорытынды ақпаратымен таныстырып, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі және «Кәсіптік одақтар туралы» заңы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі мен Шымкент қаласының Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы бірлесе өткізіп жатқан «Өндірістік қауіпсіздігі, еңбек жағдайлары және еңбекті қорғау туралы» семинар-тренингтерінен хабардар етудің нәтижесінде 10 тамыз күні еңбек ұжымынан бастауыш кәсіподақ ұйымы ашылды.


Ұжымда еңбек етіп жүрген 26 адамның барлығы немесе 100% кәсіподақ мүшелігіне тартылып, ынтымағы ұйыған еңбек ұжымы екенін көрсетті.
Коммуналдық мемлекеттік мекемеде өткен жалпы жиналыста әлеуметтік – еңбек қатынастарын реттейтін құқықтық акті – ұжымдық шарт қабылданды.
Ұжымдық шартқа жұмыс беруші тарапынан «Шымкент қаласының туризм және сыртқы байланыстар басқармасының «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Айдарәлі Әмірәліұлы Раманов және жұмыскерлердің атынан кәсіподақ комитетінің төрағасы Ерлан Сүйіндікұлы Умаров қол қойып, оны Шымкент қаласының Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына тіркеуге жолдады.
Сондай-ақ, бастауыш кәсіподақ ұйымын «ҚЫЗМЕТ» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының құрамына қабылдау және еңбек қатынастары бойынша көмек көрсету мен жұмыскердің құқын қорғау жұмыстарын бірлесе жүргізу бойынша бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Ерлан Сүйіндікұлы Умаров және «ҚЫЗМЕТ» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы Әуесханов өзара қарым-қатынастар жөніндегі келісім-шартқа қол қойды.