Таразда үшемдер дүниеге келді
Жамбыл облыстық перинаталдық орталығында үшемдер жарық дүниеге келді. Бұған дейін Сәпиевтер отбасы 5 бала тәрбиелеп отырса, енді олар 8 баланың ата-анасы атанып отыр.
Үшемдердің екеуі — қыз, біреуі —ұл. Оларға Асылым, Айбатыр, Асылай есімдері қойылды.
Дәрігерлердің айтуынша, үшемдер мерзімінен бұрын, яғни жүктіліктің 29 аптасында дүниеге келді. Олардың бірінің салмағы —992,0, грамм болса, екіншісінікі — 984,0, үшіншісінікі — 950,0.
«Шала туылған нәрестелерді дүниеге келе сала тексеру, күтіп-баптау жұмыстары перинаталдық орталық қызметкерлері тарапынан барынша жіті бақыланып, қолға алынған. Қазіргі уақытта балалардың жағдайы жақсы, анасы өзі қарай алады. Дәрігерлер мерзімінен бұрын туылған нәрестелерге дұрыс күтім жасау қажеттігі бойынша анасына кеңестер беріп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бүгінде үшемдердің жағдайы жақсы, үйлеріне аман-есен шығарылды,-деп жазылған облыстық денсаулық сақтау басқармасы таратқан хабарламада.