Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – ҚОҒАМНЫҢ ІСІ

0 479

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне орай «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – қоғамның ісі» атты ақпараттық хабар өтті. Сыбайлас жемқорлық – бұл ғаламдық мәселе, үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық. Сондықтан, бұл індетке бірлесе қарсы тұруымыз керек.
Іс-шараға «Жаңару» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының директоры Төлендиев Қасымхан және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы Ажибаев Айбек Иткараұлы келіп өз ойларымен бөлісіп, білімгерлердің сұрақтарына жауап берді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.