Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

АУҒАН СОҒЫСЫНА 35 ЖЫЛ

АУҒАН СОҒЫСЫНА 35 ЖЫЛ

0 183

Ауған соғысына 35 жыл толуына орай кітапханамызда «Ауған асуында от кешкендер» атты ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші өтті. Іс-шара жас ұрпақты ерлікке, ұлтжандылыққа, өз елінің патриоты болуға, ардагерлерге құрмет көрсетуге, ұлттық рухты сіңіру, оларды отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Кешке Жамбыл облысының Интернациолист-жауынгер одағы қоғамдық бірлестігінен Ізбасаров Керім Мақанбетұлы, Төртбаев Марат Әсілбекұлы, Ибраев Ғани Файзуллаұлы қатысып, Ауған соғысы тарихтың ең қаралы парақтарының бірі екенін, Отан алдындағы борышын адал атқарған жастардың үлкен саяси ойынның құрбандығына шалынғанын, жат елде жан тапсырып, мыңдаған қандастарымыз ұрыс даласынан жарақатпен оралғаны, өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатысып, батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміз өзінің соғыс кезінде бастан кешкен естеліктерімен бөлісті. Іс-шара соңында рухты әндер шырқалып, «Ауғанның от-жалыны» тақырыбында кітапхана қызметкері кітап көрмесін оқырмандар назарына ұсынды
Қасіретті жылдар болса да, тәуелсіз Қазақстанның тарихында қанмен және термен жазылған күн болып қала бермек!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.