Алматы жастары есірткі жарнамаларын өшірді
Алматы қаласының Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен қаламыздың белсенді жастары бірлесіп, Алмалы ауданындағы ғимарат қабырғаларында адам өміріне қауіп төндіретін есірткі жарнамаларын өшіру бойынша «Жастар есірткіге қарсы» акциясын өткізді.
Аталған іс-шараның мақсаты – жастарға есірткінің зияндылығын түсіндіре отырып, салауатты өмірді таңдауға шақыру.
Қаламыздың белсенді жастары Алматы қаласының Полиция департаментінің қызметкерлерімен есірткі жарнамаларының орындарын анықтап, олардың заңсыз жазбаларын өшірді. Іс-шара барысында аудан аумағындағы ғимараттардың сыртқы қабырғасына жазылған 100-ден аса жарнама анықталып, жойылды.
Айта кетейік, аталмыш шара алдағы уақытта қаламыздың басқа аудандарында да жалғасын табатын болады.