Таңдаулы жаңалықтар:

Шымкенттік педагогтар екпе кабылдауда белсенділік танытуда

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде профессор-оқытушылар құрамының 71%-ы, қызметкерлердің 90%-ы және білім алушылардың 50%-ы вакцинацияланған. 2021 жылдың 26 ​​мамырынан бастап барлық оқу ғимараттары мен жатақханаларда Ashyq жүйесі енгізіліп, университет нысандары QR кодтарымен қамтамасыз етілген. ОҚМПУ Шымкент қаласындағы пилоттық жоба нәтижесі бойынша Ashyq жүйесін қолдануда көшбасшы саналады.
Университет профессор-оқытушылар құрамы мен студенттерді ерікті түрде вакцина алуға ынталандыру жұмыстары бойынша бірқатар шаралар қабылдаған болатын. Осыған байланысты құрылған арнайы комиссия ынталандыру сыйлықтарының алғашқы иегерлерін анықтады.
Үш жұлдызды қонақ үйге тең, аспанмен таласқан 12 қабаттық
№1 Студенттер үйіне бірінші қоныстану бақыты бұйыратын 50 білім алушының 6-уы анықталды. Олар: Физика-математика факультеті 1509-19 а тобының студенті Нұртай Диана Алтынбекқызы, Филология факультетінің 1703-29 тобының студенті Еділбек Лаура Уәлиханқызы, Тарих және педагогика факультеті 102-18 тобының студенті Амангелді Озадохан, Филология факультеті 1705-80 тобының студенті Халматова Розахан Шухратовна, 1701-29 тобының студенті Жәдігер Жансая Бахтиярқызы, Тарих және педагогика факультеті 1301-39 тобының студенті Нышан Нурила Орынбекқызы.
Бұдан басқа, ерікті түрде вакцина жасатқан екі жүзінші студент ретінде Жаратылыстану 114-18 тобының студенті Сәдір Айдын Қыдырқызы Түркістан қаласына, үш жүзінші студент ретінде тіркелген Филология факультеті 1701-29 тобының студенті Нысанбаева Мөлдір Нұр-Сұлтан қаласына тегін саяхат жасау мүмкіндігіне ие болды.


Ал барлық білім алушысы толық екпе алған Филология факультеті 1701-39 тобының топ басшысы Нұрғалиқызы Әсел мен аталған топ тәлімгері Құрбанов Ағапаша Гүлләліұлы 30 000 теңге көлеміндегі қаржылай сыйлық сертификатын иеленді.
Университет ректоры Сүгірбаева Гүлжан Дәулетбекқызы ынталандыру сыйлығына ие болған барлық білім алушылар мен тәлімгерге арнайы сертификат табыстап, жаңа оқу жылында жаңашыл бастамалар мен тың табыстар тіледі.
85 жылдық тарихы бар шежірелі шаңырақта вакцина алудың маңыздылығын түсініп, ерікті түрде екпе алғандарды ынталандыру жұмыстары жалғасатын болады.