Таңдаулы жаңалықтар:

Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы мен тұрақты комиссия төрағалары онлайн қоғамдық қабылдау өткізді

Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов пен тұрақты комиссия төрағалары Төрайым Сұлтанова мен Айжан Найымбекова «Zoom» байланыс желісі арқылы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қоғамдық қабылдауға қатысқан қала тұрғыны музыкалық аспаптар шеберханасын заңдастыру туралы өтінішін жеткізіп, өз уәжін айтты. Сонымен қатар, әскерден келген баласына жұмыс сұрап, мүмкіндігі шектеулі студент баласының оқуының ақысын төлеп беруді сұраған аналардың да өтінші тыңдалды. Сондай-ақ, қоғамдық қабылдауда азық – түлікке, дәрі-дәрмекке, мемлекеттік бағдарламамен алған үйіне, жөндеу жұмыстарын жүргізуге көмек сұрай келген тұрғындар мәселелері де тыңдалып талқыланды.
Кезекті қоғамдық қабылдау барысында мәслихат хатшысы аталған мәселелерді шешуді сала мамандарына тапсырып, заң аясында тиісті шаралар атқарылатынын, азық-түлікпен қолдау көрсетілетінін айтып өтті.