Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Қазақстанда жәрдемақы мен зейнетақы өсті

0 87
Бұл өсім Ұлттық банк белгілеген инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес жүзеге асырылды.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап елімізде мемлекеттік жәрдемақылар, сондай-ақ базалық және ынтымақты зейнетақылар 10%-ға көбейді.

Бұл өсім Ұлттық банк белгілеген инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес жүзеге асырылды.

Базалық зейнетақы

Ең төменгі мөлшері – 35 596 теңге,

ең жоғары мөлшері күнкөріс деңгейінің 118%-ына дейін өсіп, 60 005 теңгені құрады.

Бала тууына байланысты жәрдемақылар

• 1, 2, 3 бала туған кезде – 164 350 теңге

• 4 және одан көп бала туған жағдайда – 272 475 теңге

Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы

• 4 баласы бар отбасыларға – 69 330 теңге

• 10 баласы бар отбасыларға – 173 000 теңге

Мүгедектігі бар адамдарға арналған жәрдемақы

• I топ – 111 872 теңге

• II топ – 89 498 теңге

• III топ – 61 021 теңге

Сонымен қатар, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін асыраушысынан айырылу және еңбек ету қабілетінен айырылу бойынша төлемдер де 10%-ға артты.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.