Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Қазақстанда орташа жалақы 434 982 теңгеге жетті

0 1 155
Мұндай ақпаратты Ұлттық статистика бюросы жариялады.

2024 жылғы IV тоқсанда Қазақстан Республикасы бойынша айлық жалақының орташа мәні 2023 жылғы тиісті тоқсанға қарағанда 10,5 пайызға өсіп, 434 982 теңгені құрады.

Қазақстан Республикасындағы жалақының медианалық мәні бағалау бойынша 2024 жылдың IV тоқсанында көрсеткіш 308 717 теңгеге жеткен болатын.

Өңірлік бөліністе 2023 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда 2024 жылдың IV тоқсанында орташа айлық атаулы жалақының ең көп өсуі Алматы және Шымкент қалаларында – 13,6 пайызды, Қарағанды облысында – 13,2, Солтүстік Қазақстан облысында – 12,9 және Ақтөбе облысында – 12,6 пайызды құрады.

2023 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғары өсуі ақпарат және байланыс саласында – 32,8 есе артып, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 22,7 пайызға, өнер, ойын-сауық және демалыс – 20,6 пайызға жеткен. Өнеркәсіпте орташа айлық жалақы – 14,3 пайызға өскен.

2023 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең төменгі өсуі, білім беру салаларында – 5 пайызға, мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру – 3,4  және әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласында– 3,1 пайызға артқаны байқалды.

Салалық құрылымда ең жоғары атаулы жалақы қаржы және сақтандыру қызметі – 2,2 есе, тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда– 2,1 есе, кәсіби, ғылыми және техникалық қызметінде – тиісінше 1,6 есе көбейген.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.