Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Қазақстанда автонесие рәсімдеу тәртібіне өзгеріс енгізілуі мүмкін

0 289
Бұл туралы Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте ведомство басшысы Ерсайын Нағаспаев айтты.

Қазақстанда автонесие беру шарттарына қатысты жаңа өзгеріс ұсынылды.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі автокөлік сатып алуға несие рәсімдеу кезінде азаматтардың борыштық жүктеме коэффициентін (БЖК) есептемеуді ұсынып отыр.

Ведомство басшысының айтуынша, бұл бастама министрлік тарапынан қолдау тапқан. Қазіргі талаптар осы жылдың соңына дейін күшінде қала береді. Алайда аталған ұсыныс қарау үшін Үкіметке жолданған. Сонымен қатар, бастаманы Ұлттық банк те қолдайды деген үміт бар.

Егер ұсыныс мақұлданса, автонесие рәсімдеу барысында қарыз алушының борыштық жүктеме коэффициенті есепке алынбайды. Бұл азаматтардың автокөлік сатып алу мүмкіндігін кеңейтуге ықпал етуі мүмкін.

Сонымен бірге, азаматтардың салықтық міндеттемелеріне қатысты қолданыстағы талаптар өзгеріссіз сақталады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.