Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Қазақстан азық-түлік бағасы ең қолжетімді 30 елдің қатарына кірді

0 11
Бұл көрсеткіш Еуропаның ірі елдеріне қарағанда төменірек, бірақ Орталық Азия мемлекеттерімен салыстырғанда біршама жоғары.

Ranking.kz порталының дерегінше, Қазақстан азық-түлік бағасының қолжетімділігі бойынша өз позициясын нығайтқан. Еліміз өткен жылдың ортасында бұл көрсеткіш бойынша 146 мемлекеттің ішінде 34-орында болса, 2025 жылдың маусымында 21-орынға көтерілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Рейтинг халықаралық Numbeo деректер алмасу платформасының есебіне негізделген. Елдер арасындағы баға салыстырмасында Нью-Йорктегі (АҚШ) бағалар базалық көрсеткіш ретінде алынған. Қалған елдердің бағасы сол деңгейден жоғары немесе төмен болып есептеледі.

Қазақстанда азық-түлік қолжетімділігі индексі 28% құрады. Бұл дегеніміз — еліміздегі тағам өнімдері Нью-Йорктен шамамен 72% арзан. Осындай көрсеткіштермен алғашқы 30 елдің қатарына Қазақстанның ЕАЭО мен Орталық Азиядағы көршілері — Өзбекстан (27%), Қырғызстан (27%) және Беларусь (26%) да енді. Ал Ресей тізімде 50-орынға жайғасқан, оның индексі – 35%.

2025 жылдың маусым айында азық-түлік ең қымбат саналатын ел Кайман аралдары болды — индекс 114%. Одан кейінгі орындарда Швейцария (112%) мен Исландия (103%) тұр.

Numbeo платформасының функционалы кез келген екі ел арасындағы өмір сүру құнын және азық-түлік бағасын пайыздық арақатынаста салыстыруға мүмкіндік береді. 2025 жылғы 25 қыркүйектегі мәліметке сүйенсек, Еуропа одағының ірі елдерінде, АҚШ-та және ТМД елдерінің көпшілігінде азық-түлік бағасы Қазақстанға қарағанда әлдеқайда жоғары. Мысалы, Швейцарияда баға біздегіден 321%-ға, АҚШ-та — 166%-ға, Германияда — 134%-ға қымбат.

Ұқсас экономикалық құрылымы бар көрші елдермен салыстырғанда да Қазақстанда азық-түлік арзанырақ. Айырмашылық аса үлкен емес, бірақ бәрібір байқалады: Ресейде баға 22%-ға, Арменияда — 30%-ға, Тәжікстанда — 24%-ға жоғары. Ең аз айырмашылық Орталық Азиядағы ең жақын көршілер — Қырғызстан, Әзербайжан және Өзбекстанмен байқалады.

Сонымен қатар, Numbeo дерегінше, Қазақстандағы орташа «таза» айлық жалақы 535 АҚШ долларын құрайды. Бұл көрсеткіш Еуропаның ірі елдерінен төмен, бірақ Орталық Азия мемлекеттерінің көбінен жоғары.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.