«PROTECTING BUSINESS AND INVESTMENTS» жобасы аясында кезекті сүйемелдеу келісім шартына қол қойылды!

15/09/20201min520

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жамбыл облысы бойынша департаменті өңіріміздегі кәсіпкерлер мен инвесторларды қолдауға арналған «PROTECTING BUSINESS AND INVESTMENTS» жобасы аясында «ОРЦ Тараз» ЖШС жалпы соммасы 10 млрд. теңгеге кезекті сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу келісім шартына отырды

«ОРЦ Тараз» ЖШС өңірімізде сақтау қоймалары бар көтерме-тарату орталығының құрылысын бастауда.

Қазіргі таңда Департамент жергілікті және шетелдік инвесторлар мен кәсіпкерлермен жалпы соммасы 514 млрд.теңгеден астам 34 келісімге отырды.

Айтарлығы, кәсіпкерлік пен инвестицияларды қорғау Департаменттің басым бағыттарының бірі болып табылады.