Таңдаулы жаңалықтар:

«PROTECTING BUSINESS AND INVESTMENTS» жобасы аясында кәсіпкер өтініші қаралды

02/04/20211min1010

«PROTECTING BUSINESS AND INVESTMENTS» жобасының мақсаты қолайлы инвестициялық ахуал жасау және бизнес пен инвесторлардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру болып табылады.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жамбыл облысы бойынша департаментімен «PROTECTING BUSINESS AND INVESTMENTS» жобасы аясында кәсіпкерлік пен инвестицияларды қорғау үшін белсенді жұмыстар жүргізілуде.
Бизнесмендер мен инвесторлардың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы келісімге қосылуы шеңберінде бизнес пен инвесторларды мемлекеттік органдардың заңсыз іс – әрекеттерінен пәрменді қорғау жоспарлануда, мұнда жалғыз шарт-олардың бизнесті парасатты жүргізуге келісімі және сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне «нөлдік төзімділік» болады.
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жамбыл облысы бойынша департаменті «PROTECTING BUSINESS AND INVESTMENTS» жобасы аясында жүкті кедендік рәсімдеу және декларациялау кезінде орын алған мәселелер бойынш «Амангельдинский ГПЗ» ЖШС өтініші Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен бірлесіп зерделеніп арастырылады.