Өңірімізде азық-түлік бағасын бақылауда ұстап тұруға басымдық берілуде

Осыған орай облыс əкімі Бердібек Сапарбаев орынбасарларына демалыс күндері халық жиі тұтынатын азық-түлік тауарларының бағасын бақылауда ұстауды тапсырған болатын.

Облыс əкімінің орынбасары Нұржан Календеров бірқатар сауда орталықтарын аралап, баға бағамымен танысты.
Алдымен «SMALL» сауда орталығында болды. Мұндағы азық-түлік бағасы тұрақты. Тек қанттың бағасы 175 теңгеден 185 теңгеге, яғни 10 теңгеге жоғарылапты. Оның себебін сауда орталығының аға админстраторы А.Рыскалова қанттың Ресей мен Беларус елдерінен тасымалдануымен түсіндірді.

Бұдан кейін Нұржан Календеров «Себет» сауда орталығына барды. Мұндағы баға да тұрақты. Қоймада да қажетті азық-түлік тауары артығымен толып тұр.
Бағаны тұрақтандыру үшін облыстық тұрақтандыру қорынан «Себетке» 40, «Нұрисламға» 15, «Алма» сауда орталығына 5 тонна қант таратылған.

Келесі кезекте облыс әкімінің орынбасары Нұржан Календеров «Нұрислам» сауда дүкенінде болды. Мұндағы жағдай қалыпты. Бұл дүкенде тұрақтандыру қорының тауарлары арнайы сөрелерге қойылған. Онда қордағы əлеуметтік азық-түлік тауарларының 15 түрі өткерілуде.

Нұржан Сәбитұлы барған барлық сауда орталықтарында абыр-сабыр байқалмады. Оны дүкен қызметкерлері түсіндіру жұмыстарының дұрыс жүргізілуімен байланыстырады.

Нұржан Календеров «Ауыл-береке» базарының көкөніс сауда орталығында да болды. Мұнда алдыңғы күндері азық-түлік бағасы 15-20 теңгеге көтеріліпті.
Нұржан Календеров бұл сауда орталығына тиісті мекемеге мониторинг жүргізуді тапсырды.

Қазір көкөніс сақтау қоймалары мен өзге де қоймаларында 16,1 мың тонна азық-түлік қоры бар. Оның ішінде картоп — 1210, пияз – 5459, сәбіз – 7 363, сүт өнімдері – 675, қырыққабат – 67 тонна.

Сондай-ақ, бөлшек сауда нысандарында 1,7 мың тоннадан астам көкөніс өнімдері, 350 тонна ет, 1008 тонна ұн, 488 тонна күріш, 254 тонна қарақұмық, 165 тонна макарон өнімдері, 300 тонна өсімдік майы және басқа да азық-түлік тауарлары бар.

Бұдан басқа, облыстың тұрақтандыру қорында 1,3 мың тонна көкөніс өнімдері, 2,6 мың тонна қант, 3 мың тонна ұн және басқа да бірінші қажеттіліктегі тауар қоры сақталынған.


Бізбен байланыс

«ZAU.KZ» ақпарат агенттігі

Мекен-жайымыз: Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Телефон: 8 771 399 43 63

Электронды пошта: zau.kz18@mail.ru