Облыс әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасының басшысы тағайындалды

Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Президенттік жастар кадр резервінде тұрған Тамабек Әбілхайыр Ғалымұлы облыс әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасының басшысы – бас мемлекеттік инспектор болып тағайындалды.

Ұжымға жаңа басшыны облыс әкімінің орынбасары Мұратхан Шүкеев арнайы барып таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.

Тамабек Әбілхайыр Ғалымұлы  1994 жылы туылған, білімі жоғары. 2015 жылы Жоғары Бизнес мектебін – Ұлттық Луис университетін (WSB-NLU, Польша) «менеджмент», 2019 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясын «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары  бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2011 жылы Алматы қаласындағы «Даке барлау» ЖШС-нің кадр бөлімшесінің инспекторы болып бастаған.

Әр жылдары ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті Персоналды басқару және құжатайналым қызметінің сарапшысы, басшысы, ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті Персоналды басқару және құжатайналым қызметінің басшысы, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті Персоналды басқару және құжатайналым қызметінің басшысы қызметтерін атқарған. Өзге де түрлі қызметтерде еңбек етіп, тәжірибе жинақтаған.

Өткен жылдың қарашасынан бастап Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Адами ресурстарды басқару департаменті Кадр жұмыстары басқармасының бас сарапшысы лауазымында қызмет атқарып келді.

 

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *


Бізбен байланыс

«ZAU.KZ» ақпарат агенттігі

Мекен-жайымыз: Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Телефон: 8 771 399 43 63

Электронды пошта: zau.kz18@mail.ru