Таңдаулы жаңалықтар:

НҰРСӘТ ШАҒЫН АУДАНЫНДАҒЫ КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ МӘСЕЛЕСІ НАЗАРҒА АЛЫНДЫ

Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов Нұрсәт шағын ауданындағы №130 көпқабатты үйдің тұрғындарымен кездесті. Бұған дейін олар мәслихатқа базынасын айтып шағымданған болатын. Мәслихат хатшысы Бахадыр Мәдәліұлы тұрғындардың талап-тілегін бірден назарға алып, мәселенің мән-жайын зерделеді.

Шымкент қаласы Қаратау ауданы аумағындағы орналасқан 9 қабатты тұрғын үй 2012 жылы салынып, 2014 жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы арқылы пайдалануға берілген.
Қазіргі таңда тұрғын үй толығымен қайта жөндеу жұмыстарын қажет етуде. Яғни жауын- шашын болған күні шатырдан аққан су үйдің ішіне құйылады. Сорғалап аққан су пәтерлерден өтіп жер төлеге дейін барады, — дейді ашынған тұрғындар.

Халықтың базынасын тыңдаған мәслихат хатшысы аталған мәселенің «Nur Otan» партиясы «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» атты Шымкент қаласы бойынша 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын іске асыру мақсатында дайындалған «Жол картасы» аясында қаралатындығын айтты.
Мәслихат хатшысы тұрғындарға аталған мәселенің алдағы сессияның қарауына ұсынылып, тиісті жұмыстар атқарылатындығын жеткізді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *