Таңдаулы жаңалықтар:

Мойынқұмда сайлауалды штаб құрылды

«Nur Otan» партиясы Мойынқұм аудандық филиалының мәжіліс залында  партия басшылығының тапсырмасы бойынша Мойынқұм аудандық сайлауалды Штабтың ашылуына орай жиын өтті. Шараға сайлауалды штабының мүшелері, қоғам белсенділері, партия ардагерлері қатысты.

Аудандық сайлауалды штабының жетекшісі Шахикерім Исабеков өз сөзінде   үгіт-насихат жұмыстары партияның 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасы — «Өзгеріс жолы: әркімге лайықты өмір!» негізінде жасалғанын жеткізді.

— Партияның ХХ съезінде Мемлекет Басшысы Қасым- Жомарт Кемелұлы айтқандай, «Партия қоғамнан келіп түскен ұсыныстарды ескерді. Біздің бағдарламаны бүкіл ел дайындады деп айтуға болмайды!». Біздің жеке сайлауалды бағдарламамыз бар. Ол 7 нақты міндеттерді қамтиды. Олардың 70%-ы мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларын орындауға бағытталған. Біздің сайлау науқанындағы басты ұранымыз «Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!» — ол еліміз үшін күрделі кезеңдердегі қоғамымыздың басты біріктіруші мақсаты мен құндылықтарын көрсетеді. Онда Елбасымыз айтқан сайлаудағы жеңіс әрқайсымыздың біліктілігімізге, жауапкершілігімізге, өз ісімізге толық берілгендігімізге тікелей байланысты. Партия Төрағасы — Елбасы Н.Назарбаев барлық кандидаттардың сайлау науқанына белсенді атсалысуы керектігін нақты белгілеп берді. Бұл ретте біз барлығымыз заңнама талаптарын нақты ұстануға және осы кезеңде қандай да бір шағымдарға немесе заң бұзушылықтарға жол бермеуге тиіспіз. Партияның имиджіне нұқсан келтіретін кез-келген қауіп-қатерді болдырмау керек! Біздің барлығымыз Партиямыздың осы заманғы сын- қатерлерге батыл жауап беретін және қазақстандықтардың сеніміне лайық нақты істер партиясы екенін көрсетуге тиіспіз,-деген Шахикерім Әміреқұлұлы   барлық үгіт-насихат жұмыстары «жанды» және адал жүргізілуі тиіс екенін баса айтты.

Жиын барысында Мойынқұм ауылының Құрметті азаматы, партия ардагері Мұханбетқұл Сабыров, аудандық «Nur Otan»  партиясы Мойынқұм аудандық филиалының Саяси кеңесінің мүшелері, депутаттыққа кандидаттар Нұртас Саурықов, Мұратхан Естаев, «Тәлімгер» бастауыш ұйымының төрайымы Аксана Қалыбаевалар сөз алып, партия мен қоғам арасындағы байланысты нығайтып, азаматтардың талап-тілектерін шешу керектігін тілге тиек етті. Сонымен қатар үгіт-насихат науқанымыздың басты қағидасы-тұрғындармен тікелей және шынайы диалог орнатуға негізделетінін де атап өтті.

«Nur Otan» партиясы Мойынқұм аудандық сайлау қорының қаражатынан төленді

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *