Таңдаулы жаңалықтар:

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКА – ДЕНСАУЛЫҚ ПЕН СҰЛУЛЫҚ КЕПІЛІ

Шымкент қаласындағы Ә.Юсупова жетекшілік ететін көркем гимнастика спорт кешені 2015 жылы пайдалануға берілген. Бүгінде мұнда түрлі Халықаралық, республикалық жарыстар өтеді.

Қала әкімі аталған спорт кешеніне барып, тыныс-тіршілігімен танысты.

Кешенде асхана мен келушілер үшін заманауи жабдықталған 56 орындық қонақ үй де бар. Қазір мұнда 500 қыз жаттығады. Жаттықтырушылар құрамы 48 адамнан тұрады. 745 көрерменге шақталған орындық қойылған.

Шаһар басшысы үйірмелерді балаларға қолжетімді ету керектігін айтты. Бұқаралық спортты дамыту үшін тойханалардың орнына спорт нысандарын көптеп салу өте маңызды деді. Көркем гимнастика қыздарға арналған спорт түрі болғанымен, Олимпиада ойындарына енгенін айтқан әкім еліміздің атын шығаратын спортшыларды дайындау үшін оларға алдымен жағдай жасау қажеттігін жеткізді. Осы тұрғыда сала басшысына жаңа жобалар ұсынуды тапсырды.