Таңдаулы жаңалықтар:

Қордайлық еріктілердің ерен ісі

Қордай ауданы әкімді ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мұрындық болуымен және «Қамқор» еріктілер клубының жастары, сонымен қатар ауданымыздың белсенді жастарымен бірлесе атсалысуымен «Жүректен жүрекке!» тақырыбында қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып өткізілді.

Атап айтар болсақ, жастар және «Қамқор» еріктілер клубының еріктілері – жалғыз басты қарт аналарға қолғабыс білдірді. Нақтырақ айтсақ, қайырымды белсенділер Қожанияз Аяулымның және Кузина Надежда Матвеевнаның үйіне барып, ауласының абаттандыру жұмыстарына, тұрмыс-тіршілігіне барынша қол – қөмегін тигізіп, жәрдемдесті. Еңбекке бейім жастар ақжаулықтылардың үйлерінің ауласын тазалап, арам өскен шөптерін шауып, түрлі қоқыстарын жинап тазалап берді. Өз кезегінде Аяулым Қажанияз бен Надежда Матвеевна да қайырымды жастарға аппақ алғыстарын білдіріп, шын жүректен ризашылықтарын жеткізді. Аналар оларға батасын беріп, жұмыста да, өмірде де тек сәттіліктер тіледі.

Акцияның мақсаты – әрбір азаматты қайырымдылық ісіне тарту және оның жүзеге асуына олардың ортақтасуы,қарттарымызды аялап, көмекке мұқтаж жандардың тілектерін орындауға көмектесу үшін ортақ күш салуды біріктіру, жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді бойына дарыту болып табылады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *