Қазыналы қарияға құрмет көрсетілді

Ана – дүниедегі ең ардақты жан. Ана – ардақты есім. Ол – әлемдегі барша ізгілік пен мейірімнің, парасат пен тағылымның көрсеткіші.

Ақ жаулық иелері — қай қоғамда болмасын, отбасының ұйытқысы.  Олар — күллі әлемнің тіреуіші іспеттес. Шаңырақтың шаттығына айналған асыл жандарға біздің елде де құрмет жоғары.

Ақ жаулығының қадірі мен  ақ босағасының қасиетін білетін аяулылар үшін мемлекеттік, әлеуметтік мүмкіндіктер де орасан.

Міне, осындай ардақты да  кейінгі ұрпаққа өнегелі өмір жолы бар Шолпан Бұхарбаева сексеннің сеңгіріне шығып отыр.

Еңбек жолын  «Жайылма» кеңшарының шопаны, қатардағы құрылысшы және механизатор — тракторшысы болып бастап, нәтижелі жұмыстар атқарған ана бүгінде бейнеттің зейнетін көріп отыр.

Ерең еңбегі еленіп, Жамбыл облысының депутаты болып сайланды.

Саналы ғұмырындағы 55 жылғы еңбегінің  жемісі Мемлекет тарапынан «Құрметті белгісі» орденімен марапатталып, жұмысында алға қойған міндеттерді мүлтіксіз орындап,  артқан сенімді абыроймен ақтай білді. Отанымыздың мақсат- мүддесіне арналған адал еңбегіңіз бағаланып, өңдірістік және қоғамдық қызметтегі белсенділігіңіз үшін облыс, аудан совхоз басшылығы тарапынан Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарын бірнеше рет иегері атанды.

Шолпан апа қазіргі кезде, 36 немере, 34 шөбере сүйіп, тәрбиелеп отырған аяулы да асыл әже. Сексеннің сеңгіріне шақса да әлі де қоғамдық жұмысқа белсенді түрде атсалысады.

Жайылма ауылдық округінің әкімі Жандарбек Смағұлов:

— Қариялардың салиқалы ойларын, өмір тәжірибелері туралы естеліктерін тыңдай жүріп «Қарттық – кәрілік емес, даналықтың, абыздықтың көрінісі» деп көнекөз аталарымыздың бекер айтпағанына көз жеткізем. Жақсы қартаю  қоғамның қарбалас тіршілігіне белсенді араласып, мезгіл-мезгіл жастармен кездесулерге қатысып, өмірлік парасатты ақыл-кеңестерін беруді жалғастыру. Ойлы қарттардың бұл игілікті істері көпке өнеге.

Қариялардың  арасында көп жылдар жауапты қызметтерде болған өмірлері өнеге  ата апаларымызда барщылық. Айтқандарын ой таразысына салып, көңілге түйем. Жақсы әңгімелерін естіп жүрегің жылиды, көңілің көтеріліп, тың пікір туындайды.. Біле-білсек, шынында да, әдемі қартаю да бір бақыт емес пе?!,-дейді.

Расында қарияларды құрметтеп, олардың өмір жолдарын санаға түйю көрегенділіктің белгісі.

Дариха Үмбетияроова, Сарысу ауданы

 

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *