Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» Абай ауданы бөлімінің ұйымдастыруымен «Кәсіпкерлікті дамытудың ұтымды 5 қадамы» атты дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты — жастарға кәсіпкер болудың қыр-сырын үйрету, кәсіпкерліктің ұтымды 5 қадамына жету жолын көрсету.
Аталмыш шараға «Smart mans group» ЖШС-нің басшысы Серік Ахметов және «Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжінің» белсенді жастары қатысты.
Іс-шарада барлық санитарлық — эпидемиологиялық талаптар сақтай отырып, Ashyq қосымшасы арқылы кіргізілді.