Қарт майдангерлерге құрмет көрсетілді

Сарысу ауданынан соғысқа аттанған  1 мың 596 азаматтың 523-і майдан даласында қаза тапса, 184 жауынгер іс-түссіз жоғалған. Бүгінгі таңда, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің 4-і ғана көзі тірі ортамызда жүр. Олар-Кемелбек Шәменов, Михаил  Авдеев, Қабыл Ібіжанов және Мысалы Маханбетовтер

Сондай-ақ, сын сағаттарда ерліктің өшпес өнегесін көрсеткен жерлестеріміз де баршылық. Берген Исаханов пен Амантай Дәулетбеков Кеңес Одағының Батырлары атанды, 280 жаудың көзін жойған мерген Ыбырайым Сүлейменовтің атақ-даңқы күллі Кеңес Одағына тарады.

Бүгінде, ардагерлеріміз біз үшін-тек жауынгерлік ерлігімен ғана емес, өмірлік өнегесімен де қымбат жандарға айналды. Олардың өшпес ерліктері ұрпақтар жадында мәңгі сақтала беретін болады.

Осыған орай, Отан қорғаушылар және Жеңіс күні мерекеслерне орай Сарысу ауданының әкімі Қанатбек Мәдібек бастап, маслихат хатшысы, ардагерлер кеңесі және Жаңатас қорғаныс істер бөлімінің басшылары арамыздағы ардагерлердің үйлеріне барып, сый-сияпат жасады.

Бұл игі дәстүр тек мереке күндері ғана емес, күнделікті құрметке лайық ерлерімізді марапаттаудың бір парасы ғана.

Ардагерлер майдан даласындағы ерлік істерімен бөлісіп, ұрпағымыз тыныш өмір кешсін деген ізгі ниеттері мен басшыларға ақ баталарын беріп, алғыстарын жаудырды.

Д.Үмбетиярова, Сарысу ауданы

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *


Бізбен байланыс

«ZAU.KZ» ақпарат агенттігі

Мекен-жайымыз: Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Телефон: 8 771 399 43 63

Электронды пошта: zau.kz18@mail.ru