Таңдаулы жаңалықтар:

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА ИРРИГАЦИЯЛЫҚ АРЫҚ ОРНАТЫЛЫП ЖАТЫР - Zau.kz

 

Жауын-шашын суларын бұру және су үймелеудің алдын-алу бойынша аудан аумағында 10 мекенжай бойынша 3,3 шақырым ирригациялық арықтар орнату жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінде аудан әкімі Досбол Есілбек «Мирас» шағынауданындағы Тұлпар көшесінде ирригациялық арық орнату жұмыстарын мердігер мекеме «IMPYLS» ЖШС-нің өкілдерін қатыстыра отырып, тұрғындармен бірге аралап, қадағалады.

Тұрғындар тарапынан үйлеріне кіреберіс қақпа тұсына ирригациялық арық орнатылған соң, арық бетіне бетон тақта орнату туралы өтініш түсті.

Аудан әкімі мердігер мекеме басшысына тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін назарға алып, жұмыс жүргізуді тапсырды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *