Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Елімізде апельсин 30,8%-ға қымбаттаған

Ұлттық статистика бюросы цитрус бағаларына жасаған талдауын жариялады. Қазақстанда апельсин келісі орташа бағамен 1004 теңгеден сатылып жатыр

0 46

Бұл өнім әсіресе Астанада қымбат сатылып жатыр, келісі – 1 140 тг/кг.

Сондай-ақ апельсин Семей (1 139 тг/кг), Ақтау (1 133 тг/кг) және Қонаев (1 117 тг/кг) қалаларында қымбатырақ.Басқа аймақтарда баға 850-1000 теңге аралығында.

Апельсин арзан сатылып жатқан өңір ретінде статистер Петропавл қаласын атады, ол жақта келісі 811 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық статистика бюросы мамандарының мәліметінше, цитрустың тағы бір түрі лимон бір жылда 7,4%-ға қымбаттады.

Өңірлер арасында лимонның ең қымбаты Атырауда – 1448 тг/кг, ал ең арзаны Түркістанда – 953 тг/кг.

Біз тағы бір тропикалық жеміс – бананға келер болсақ, өткен жылдың желтоқсан айының қорытындысы бойынша елімізде банан бағасы 46,2%-ға өскен.

Елдегі орташа баға – 878 тг/кг. Бананның ең қымбаты Семей қаласының дүкен сөрелерінде – 1043 тг/кг. Ең арзаны Павлодарда – 720 тг/кг.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.