Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Экс-судья Жолмановаға тағы бір үкім шықты

0 21

11 ақпанда Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотында экс-судья Светлана Жолмановаға қатысты қылмыстық іс бойынша тағы бір үкім шығарылды.

Істі қараған судья сотталушыны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп таныды.

Сот үкімімен Жолманова Светлана Сатбаевна 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар, Қылмыстық кодекстің 58-бабының 3 және 6-бөліктеріне сәйкес, қылмыстық құқықбұзушылықтардың жиынтығы бойынша, яғни жеңілірек жазаны неғұрлым қатаң жазаға жұту қағидатын қолдану арқылы, 2025 жылғы 19 маусымда Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотының үкімімен тағайындалған жазамен біріктіріліп, сотталушыға түпкілікті 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді.

Жаза орташа қауіпсіздік деңгейіндегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтелетін болады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.