Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

«Дана Абайдың – дара жолы»: Рухани мұра мен мәдени сабақтастық мерекесі

0 18

Жамбыл облысы әкімдігінің Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы мен Д.А. Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының бірлесіп ұйымдастыруымен ұлы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Дана Абайдың – дара жолы» атты әдеби бульвар өтті.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты
– қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау, сондай-ақ рухани құндылықтарды, мәдени және әдеби мұрасын ұрпаққа жеткізу болып табылады. Мерекелік шараға облыстық Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ерлан Нұрманұлы Жүнісбай арнайы қатысып, қатысушыларды құттықтап, жылы лебізін білдірді. Осы ауқымды шара аясында зағип жандарға арналған ерекше басылым – Елен Әлімжанның «Абайтанудың ар жағы мен бер жағы» атты шығармасының Брайль қарпіндегі кітабының тұсаукесері өтті. Сонымен қатар, Жамбыл гуманитарлық колледжінің Абай атындағы актерлік шеберлік бөлімі дайындаған «Бала Абайдан – Дана Абайға» атты сахналық көрініс қойылды. Сондай-ақ, Абайдың қазақ, орыс және неміс тілдеріндегі танымал өлеңдері жоғары деңгейде орындалды.

Әдеби бульварь жеті аймақтан тұрып, келесідей тақырыптарды қамтыды:

«Бала Абай – даналықтың бастауы» – ұлы ақынның балалық және жастық шағы;

«Абай әлемі – тұнық бұлақ» – дәстүрлі емес кітап көрмесі;
«Дана Абай» – Абай мен Құнанбайдың диалогынан сахналық көрініс;

«Жас суретші көзіндегі Абай бейнесі» – көркем өнер және иллюстрациялар;

«Абайды танимыз ба?» – қызықты әрі танымдық квест ойыны;

«Әлемге танылған Абай» – ақынның халықаралық деңгейдегі беделі;
«Абай – әлем тілдерінде» – Ассамблея өкілдерінің қатысуымен түрлі тілдердегі Абай шығармалары.

Аталған бірлескен әдеби бульвар мен жаңа Брайль кітаптың тұсаукесері – Абайдың рухани мұрасы мен шығармашылығының мәңгілік екенін айқын дәлелдеген, қазақ әдебиеті мен мәдениетіне үлкен үлес қосқан мәнді шара болды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.