Біз саяси жаңғырудың мүлдем жаңа кезеңіне қадам бастық — Тоқаев
Мемлекеттік сапар барысында президент Пәкістанның The News International газетіне сұхбат берді.
Не айтты?
Ресей мен Украина туралы: ең басты мәселе – территориялық талас. Қазақстан араағайын рөлін атқаруға ұмтылмайды. Алайда еліміз келіссөздерге бейтарап алаң ұсынып, жан-жақты көмектесуге дайын.
Газа бейбітшілік кеңесі туралы: «бұл БҰҰ-ға балама құру әрекеті ме?» деген сұраққа Тоқаев Трамптың сөзін келтірді. АҚШ басшысы Бейбітшілік кеңесі БҰҰ алмастыруды емес, оған демеу болуды көздейтінін атап өткенін айтты.
Конституциялық реформа туралы: адам құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің негізгі басымдығы ретінде жарияланады. Ал ынтымақ пен бірлік, этносаралық және конфессияаралық келісім секілді құндылықтар мемлекеттігіміздің мызғымас тұғыры болып қала береді.